Әлемдік алыптар тауықты қамап ұстаудан бас тартып жатыр
Әлемдік алыптар тауықты қамап ұстаудан бас тартып жатыр
3 жыл бұрын 2420 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік брендтер торда қамалған тауық тапқан жұмыртқадан бас тартып жатыр. 1960 жылы күллі әлем бойынша саудаға шығарылатын тауық жұмыртқасының 90%-ы торға қамалған тауық фермалардан болатын. Ал бүгінге бұл көросеткіш ары кетсе 60%-дан аспайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SAGRADA компаниясының баспасөз қызметіне жөн сілтеген eldala.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания өкілдері келтірген дерекке қарағанда, жұмыртқа өндіруге бейімделген құс шаруашылығының осы заманғы коммерциялық өндірістегі бір тауықтың өзі жылына шамамен 300 жұмыртқа табады. Ал бұлл көрсеткіш осыдан бір ғасыр бұрын жылына 120 жұмыртқаны құраған еді. Ал жабайы тауықтар жұмыртқалайтын маусымда шамамен 15-20 жұмыртқа ғана табатын. Жұмыртқалайтын тауықты торда өсіру жүйесі өндірістің шекті деңгейіне дейін жетуге мүмкіндік бергенімен көп деңгейлі торлы батареялар бір мезгілде 50-60 мың тауықты ғана сыйдыра алатын еді. Әр тауыққа 450 см2 ауданнан (А4 форматындағы қағаз парағының көлемінен де аз) ғана айналатын аумақ тиесілі болды, бұл қолайсыздық тауықтарға жайсыздық тудырып, еркін қимылдап-қозғала алмайтын еді. 2012 жылы Еуропалық кеңестің ЕО құрамындағы елдер үшн 1999/74/EC директивасын қолданысқа енгізді – жұмыртқалайтын тауық үшін дәстүрлі торлы батареяны пайдалануға тыйым салынды. Оны қосымша ұя, т.б. жабдықтармен қамтылған аумақты алаңдармен алмастырды. 2021 жылы Еурокомиссия «Тор дәуірінің ақыры» деп аталатын қарарын қабылдады әрі 2027 жылға қарай мал мен құсты торда ұстау тәжірибесінен түбегейлі бас тартпақ. Жоғарыда аталған компания 2025-2030 жылдар аралығында тордағы тауық жұмыртқасынан толық бас тартпақ. Тек аталған компания ғана емес, сонымен қатар, Unilever, Burger King, METRO, Nestle, Aldi, InterContinental Hotels, Marriott International компаниялары да, сондай-ақ, Yum! Brands (әлемнің әр түкпірінде шамамен 50 000 сауда орны бар - KFC, Pizza Hut, Taco Bell и The Habit Burger Grill брендтерімен танылған) мейрамханалар желісі де мұндай бастамаға қосылатындарын жария етті. Сөз соңында 2019 жылы саудаға шығарылған әлемдік жұмыртқа 83 млн тоннаға жеткен немесе 1,5 трлн данасы саудаға шығарылған. Бүгінде жұмыртқалайтын тауықтар қарасы 7,5 млрд-тан асады.

0 пікір
Мұрағат