Арабтар екі елде сиыр өсірумен айналысады
Арабтар екі елде сиыр өсірумен айналысады
3 жыл бұрын 2158 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Катарлық Baladna компаниясы Малайзияда (10 мың бас) және Украинада (10 мың бас) сүт фермасын ашуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің ауыл шаруашылық компаниясы Малайзия мен Украинадағы сүт фермасыннан 200 млн литр сүт өндіруді жоспарлап отыр. Baladna компаниясының бұл жобасы 838 млн долларға бағаланып отыр. Екі елден өндірілген сүт Катардың ішкі нарығының 86 пайызын қамтиды. Катарлық меншігінде 20 мың бас ірі қара болмақ. Бұдан бөлек, аталмыг араб компаниясының сол ел нарығындағы үлесі жергілікті халықтың 2,6 млн адамынан аспауы тиіс. Осыған байланысты катарлықтар сүт өнімдерін экспортқа шығарудың жолдарын іздестіретін болады. Украина бидай, жүгері, күнбағыс майының экспорты бойынша әлем елдері арасында көп ілгері болғанымен мал шаруашылығы кенжелеп қалған. Катарлық арабтар климаты сиыр өсіруге келмейтін, жері қуаң өз елінен гөрі бұл салада үлкен жетістікке жетуге болатын, әлеуеті зор, алайда, мал шаруашылығы тиісті деңгейде жолға қойылмаған елдер арқылы нарыққа шығуда көздейді. Baladna сарапшыларының есебі бойынша Украинада ұсақ фермерлер ғана айналысады мал шаруашылығымен, күніне бір сиырдан 13-15 литр сүт сауылады. Ал арабтар бұл көрсеткішті күніне 38 литрге дейін жеткізуге болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат