Азық үшін миллиондаған жабайы жануар опат болуда
Азық үшін миллиондаған жабайы жануар опат болуда
3 жыл бұрын 2330 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Sandro Pereira / Keystone Press Agency / globallookpress.com

Бразилияда жайылым үшін жерді тазалау үшін өрт қоюдан әлемдегі аса ірі әрі бай экологиялық жүйе жойылу алдында тұр. Тағам компаниялары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлер қолдан өрт қоюдан миллиондаған жабайы жануар тірідей үйітіліп қалады. Бұл жайында islam.kz порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылы Бразилиядағы Боливия мен Парагвай аумағын қоса қамтитын тектоникалық ойпаңдағы – Пантаналдағы өрттен 65 млн омыртқалы жануар зардап шеккен, олардың 17 млн-нан асасы күйіп өлген. Ұлттық ғарыштық зерттеу институты келтірген дерекке қарағанда, 2021 жылы өрт шалған 139 мың аймақ белгілі болды. Экологтердің  дабылы бойынша отқа оранған талай жануар тірідей үйітіліп, елік пен қабылан секілді мыңдаған жабайы жануар аштық пен шөлден өлген, олардың барлығы өрт шалған аймақтан шыға алмай қалған. Құтқару қызметі оларға өрттен құтылуы үшін арнайы дәліз ашып, оларды аулап, емдеп, жабайы табиғатқа қайта жіберген. Адамдар малға беретін соя өсіру (оны әлемнің көптеген тағам компаниялары сатып алады) үшін қолдан қасақана от қойып жатады, соның салдарынан Амазония орманы 92 пайызға дейін жылдам азайып барады. Бұдан бөлек, тұмса табиғат аясында өмір сүретін тайпалар да кір жуып, кіндік кескен жерінен айырылып жатыр. Осы жылдың қыркүйек айының өзінде Бразилияның Гояс штатында 18 мың гектарға тарта аумақ өртелген. Бүкіл әлемдік жануарларды қорғау ұйымының бразилиялық бөлімінің атқарушы директоры Жуан Алмейда (João Almeida) әлем қауымдастығына дабыл қағып, өнеркәсіп алпауыттарының арынын тежеуге шақырып отыр.

0 пікір
Мұрағат