Қырғызстан президенті өз коттеджін мұқтаждарға берді
Қырғызстан президенті өз коттеджін мұқтаждарға берді
3 жыл бұрын 2488 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өз отбасына тиесілі үйді сатып, одан түскен қаражатқа мұқтаж жандарға үй алып беруге жұмсауы үшін «мемлекеттік ипотекалық компания» ашық акционерлік қоғамының балансына өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы айыр қалпақты ағайындардың мемлекет басшысы әкімшілігінің сайтына (president.kg) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Садыр Жапаров бұл үйді 2005 жылы сатып алғандарын жасырмады. 2010 жылы өзге үйге қоныс аударған екен. Содан бері бұл үй мектепке дейінгі мекеме ретінде жұмыс істеп келген. Осылайша аталған ел басшысы өзгелерге өзі бас болып үлгі көрсетіп, «Менің үйім 2021-2026» деп аталатын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына үлес қосты. Қырғыздардың аталған акционерлік қоғамы бұл үйді бәссаудаға шығарып сатады, одан түскен қаражат шамамен он отбасын үймен қамтамасыз етуге жетеді. Бұдан бөлек, қырғыз президенті жекелеген тұлғалар мен азаматтардан ақшалай, жылжымайтын мүлік, т.б. түріндегі көмек мемлекет балансына алынып, мұқтаж жандардың қажетіне жаратылатынын жеткізді, тіпті, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған тұлғалардан тәркіленген дүние-мүлік те мемлекет балансына алынады.

0 пікір
Мұрағат