|
Алкоголь мен шошқа етіне 100% салық бекітілді
|
Оман әмірлігінде 15-маусымнан бастап табак өнімдері, алкоголь және шошқа етіне 100 пайыздық салық салу жайында заң қабылданды. Бұған қоса, энергетикалық және газдалған сусындарға салынатын салық көлемі де 50 пайызға көтерілетін болмақ. Бұл жайында әмірліктінің Салық жөніндегі Бас секретариаты мәлімдеме жасады.
Бұл салықтарды енгізу әмірлік қазынасына жылына 100 млн риал ($260 млн) кіріс кіргізетін көрінеді. Бұл турасында 2018 жылдың қарашасында Экономика-қаржылық комитет басшысы Салех бин Саид Масан мәлімдеген болатын. Дегенмен, Оман басшылығы бұл шешімді қабылдауды жарты жылға кешеуілдетіп келді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытайдың су тұшшыландыру технологиясы тиімділігі жағынан қолданыстағы қондырғыларды он орап алады
■
Мысыр такафулды сақтандыру нарығын ынталандыратын жаңа нормативтік базаны қалыптастырады
■
ЕО тағам қаптамаларында бисфенолды пайдалануға тыйым салады
■
Өсімдік регенерациясының құпиясы ашылды
■
Жасанды зерде бақылаудан шығып барады