|
АҚШ президенттігіне кандидат дебат кезінде "ИншаАллах" тіркесін қолданды
|
Исі мұсылман болашақта ойға алғанын орындау үшін қолданатын әйгілі сөз тіркесі АҚШ президенттігіне кандидат Джозеф Байденнің аузынан да шықты. Дональд Трамппен пікірсайыс кезінде. Дәлірегі, дебат өткен қыркүйек айының 29-ы күні Fox News телеарнасында Дональд Трамп өзінің салық декларациясын көрсетуге уәде еткенде Джозеф Байден «ИншаАллах» деп елді елең еткізді. Осы орайда «Алла қаласа, Алла сәтін салса» мағынасын беретін арабша сөз тіркесі бүгінде барлық наным-сенім өкілдері арасында жиі айтылатын болып жүр. Сарапшылардың айтуынша, Джозеф Байден америкалықтардың қолдауына ие болып, президенттік сайлауда жеңіске жетсе, АҚШ тарапынан Израилге көрсетіліп келген қолдау шектеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ