АҚШ Сирия мен Ирактағы соғысқа 1,79 триллион доллар жұмсаған
АҚШ Сирия мен Ирактағы соғысқа 1,79 триллион доллар жұмсаған
1 жыл бұрын 1273 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: mei.edu

АҚШ-тың Сирия мен Ирак аумағындағы соғысқа жұмсаған шығыны бүгінде 1,79 триллион долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық Браун университетінің «Соғыс құны» жобасының деректеріне сәйкес бұл сомаға Пентагон мен Мемлекеттік департамент шығындары, ардагерлерге төленетін төлемдер және осы қарулы қақтығыстарды қаржыландыратын қарыздар бойынша пайыздар да кіреді. Сонымен бірге, 2050 жылға дейін ардагерлерге көрсетілетін қамқорлықты ескерсек, бұл сома 2,89 триллион долларға жетуі мүмкін. Аталмыш жобаға сәйкес соңғы 20 жылда Ирак пен Сириядағы АҚШ әскерилерінен қаза болғандар саны 4599 адамды құрайды. Ирак пен сириялық бейбіт тұрғындарды, әскерилерді, полицияны, оппозиция жауынгерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және басқаларды қоса алғанда, қаза тапқандардың жалпы саны 550 000 мен 584 000 арасында. Бұған тек соғыстың тікелей салдарынан қайтыс болғандар кіреді және аурудан, қоныс аударудан немесе аштықтан қаза тапқандар ескерілмеген.  

0 пікір
Мұрағат