|
АҚШ-тың 20 жыл ішінде соғысқа қанша шығын шығарғаны және қанша бейбіт тұрғынды қырғаны туралы дерек
|
20 жылдан сәл аз уақыт ішінде АҚШ билігі әлемнің әр түкпіріндегі әскери операцияларына 6 трлн долларға тарта қаржы шығындаған. Бұл жайында Браун университетінің профессоры Нет Крауфорд мәлім етті. Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылғы федералды бюджет мөлшері шамамен 4 трлн долларды құраған. Ғалымның есебінше, 2001 жылдан бері әлемнің әр түкпіріндегі қарулы қақтығыстар мен жанжалдардан жарты миллионға жуық адам опат болған Олардың жартысы - бейбіт тұрғындар. Нақтырақ айтқанда, 480 мың адам АҚШ-тың араласуымен болған соғыстарда қаза тапқан. Бұдан бөлек, 10 млн-ға тарта адам соғыстан бас сауғалап, босып кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды