|
Әр 2 сағат сайын 6 шарана шетінейтін ел
|
Йеменде қарулы қақтығыстың салдарынан әр екі сағат сайын 6 шарана шетінеп, 1 ана көз жұмады. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балалар құқығын қорғаумен айналысатын ЮНИСЕФ қоры мәлім етті. Аталмыш қордың келтірген дерегіне қарағанда, Йемен соғыстың кесірінен Таяу Шығыс аймағындағы ең кедей елге айналып, медициналық жәрдем қызметі жұмысын тоқтатудың алдында тұр. Осыған байланысты айы-күні жеткен аяғы ауыр әйелдердің дені үйде босануға мәжбүр. Аталған елде медициналық мекемелердің қазіргі уақытта тек 51 пайызы ғана жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек тапшы, медициналық құрал-жабдық жетіспейді, дәрігерлер қарасы сиреп кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді