Йемендегі соғыс АҚШ-тың қазынасын толтыруда
Йемендегі соғыс АҚШ-тың қазынасын толтыруда
5 жыл бұрын 2316 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық елдер Саудияға қару-жарақ сатуға тыйым салып жатыр. Йемендегі Саудия бастаған коалиция күштері мен хусит тайпасы арасындағы қарулы қақтығыстан бейіт тұрғындардың қынадай қырылап жатқанына байланысты. Алайда, АҚШ Саудияны қарумен жарақтандыруын тоқтатар емес. Пентагон жетекшісі Патрик Шанахан Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігін қарумен жабдықтаудағы АҚШ-тың мақсатын аймақтағы Иранның қатерінен аталған елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыстырып, жауырды жаба тоқып жауап берді. Бұдан бөлек, аталған елдерге қару-жарағын сатпаса, Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігінің Ресей мен Қытай қаруын сатып алатынын, бұл нарықтан АҚШ-тың ығысып шығып қалуы мүмкін екенін жасырмады. Осы жылдың мамыр айының соңында белгілі болғандай, АҚШ Иордланиямен, Саудиямен және Біріккен Араб Әмірлігімен қару-жарақ саудасына қатысты жалпы құны 8 млрд долларлық 20-дан аса мәмілеге отырғандарын да жайып салды. Өз мүддесін қорғауға келгенде адам құқығын алға тартып, желеу ететін АҚШ осылайша қару-жарақ нарығындағы бәсекелестерінен ұтылып қалмасы үшін Йемендегі бейбіт тұрғындардың қырылуына көз жұма қарауға мәжбүр болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат