|
Барлық қан тобындағыларға жарай беретін "әмбебап қан" жасалды
|
Канададағы Британ Колумбиясы университетінің ғалымдары антигендік зерттеу нәтижесінде екінші топтағы қанды барлық топтағы қанға жарай беретін "әмбебап қанға" айналдырудың жолын тапты. Ғалымдар бұл бағытта жүргізген зерттеу барысында екінші топтағы қан құрамынан қанттың "артық" молекуласын жоюға әрі оны әмбебап донорлық қанға айналдыруға қабілетті ішек бактериясын анықтады. Бұл ғылыми ізденіс пен тәжірибеге табаны күректей 4 жыл кеткен. Аталмыш жаңалық өз кезегінде донорлық қанға деген зәрулікті азайтуға көмегін тигізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді