|
Араб елі 5 жылға бірнеше рет туристік виза беруді мақұлдады
|
Біріккен араб әмірлігі бес жыл мерзімге туристік визаны бірнеше рет беруді қарастыратын ережені енгізбек. Бұл жайында аталған араб елінің премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм Twitter әлеуметтік желісінде жариялады. Қаңтар айының 6-ы күні. «Бүгін біз туристік виза беру жүйесіне енгізілетін өзгерісті мақұлдадық»,- деп жазыпты осы жылдың алғашқы үкімет отырысынан кейін. Осылай дей келе ол аталған ел жылына 21 млн турист қабылдауға бел байлап отырғанын жеткізіпті. Бүгінде туристер аталған елде тегін визамен 90 күнге дейін бола алады. Ендігі ереже бойынша бес жылға берілетін виза үшін ақы алына ма, алынса – қанша мөлшерде екені айтылмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады