Араб елі жаһандық жылынумен күресуге дәрменсіздік танытып отыр...
Араб елі жаһандық жылынумен күресуге дәрменсіздік танытып отыр...
3 жыл бұрын 2416 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі мұнай өндіруден әлем бойынша алғашқы бестік құрамында әрі жыл сайын атмосфераға 300 млн тоннаға тарта көмірқышқыл газын бөліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елі күллі адамзатқа ортақ проблеманы еңсеруге үлес қоса алмайтынын мойындады – жергілікті климат ерекшілігіне, дәлірегі, ауа райының өзгешелігіне байланысты көміртектен ада мемлекетке айналудың ауылы алыс жатқанын мойындады. БАӘ-нің қоршаған орта және климат өзгерісі өніндегі министрлігінің ресми өкілі Кайс әл-Сууайда осындай себеппен қазбалы отын түрінен әзірге бас тарта алмайтындарын мәлімдеді. Аптап ыстық пен құрғақшылық суды тұшшыландыру мен елдегі ғимараттар үшін желдеткіш орасан зор энергияны қажет етеді. Осы орайда жалғыз БАӘ ғана емес, сонымен қатар, өзге де ОПЕК-ке мүше елдердің бірде біреуі әзірге көміртектен ада деңгейге жетуге қатысты жаңңыртылған бағдарламасын ұсынбай келе жатқанын айта кетпекпіз. БАӘ-нің аталған министрлігі осындай факторларды ескере отырып, көміртектен ада деңгейге жетудің өзге тиімді тәсілін анықтауға кірісетіндерін жасырмады. Яғни, әлем елдерінің бұл тараптағы климатпен өзгерісімен күрес тәсілі климат қатал араб елдеріне келмейді.

0 пікір
Мұрағат