Халал апталығының нәтижесінде бірнеше кәсіпорын сертификатқа ие болды
Халал апталығының нәтижесінде бірнеше кәсіпорын сертификатқа ие болды
3 жыл бұрын 1382 halaldamu.kz

Қостанай облысында "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролер маманы Алишер Балахметтің ұйымдастыруымен "халал апталығы" өткізілді. Апталық барысында бірқатар кәсіпорындар "QMDB Halal" сертификатына ие болса, қасапшыларға арнайы куәлік табыс етілді. Сонымен қатар, сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталған кәсіпорындарға жаңартылған халал сертификаты табысталды.

"Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық эконо­ми­калық қатынастарды зерттеу ұйымының мәлі­метіне жүгінсек, бүгінгі таңда халал өнімді 1,5 миллиард адам тұтынады екен. Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Халал мәселесінің өзектілігі еліміздің әр өңірінде "халал өнеркәсіп пен кәсіпорындар" санын арттырып, халал индустриясын дамытуды талап етуде.  Сондықтан да Қостанай облысында тұрақты түрде "халал апталығын" ұйымдастырып, қарапайым халыққа түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижиесінде, "Хан Сарай" дәмханасы, "Север ет" ет дүкені, "Ару ана 2010" ұн комбинаты секілді кәсіпорындарға және қасапшыларға сертификат табысталды", – деп хабарлады Алишер Балахмет.

АЛМАТЫ Қ.: "RICH NATURE" ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы "Muhit onimderi" кәсіпорнына тиесілі "Rich Nature" емдеу-профилактикалық өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролер маманы Чадаев Маратхан бақылау-қадағалау шараларын орындап, кәсіпорынға "QMDB Halal" сертификатын табыстады.

"Емдік-профилактикалық өнімдердің негізгі қызметі – организмнің қорғаныш функцияларын жоғарылату, организмге зиянды химиялық, радиоактивтік және т.с.с. заттардың енуін тоқтату, организмдегі улы заттарды залалсыздандыру,  зақымданған органдарға әсер ету. Денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, еңбек қабылеттілігін арттырып, түрлі инфекцияларға қарсы күресуде емдік-профилактикалық өнімдер таптырмайтын шипа. Тұтынушылардың сұранысына орай, "Muhit onimderi" кәсіпорнының "Rich Nature" өнімдері толықтай тексеріліп, зертханалдық сынақтан өткізілді. Кәсіпорындардың өндіріс аймағына ревизорлық бақылау жүргізілді", – деген Маратхан Чадаев "Rich Nature" емдік-профилкатикалық өнімдерінің "QMDB HALAL" стандартына толықтай сай екендігін хабарлады.

"Rich Nature" емдік-профилкатикалық өнімдеріне берілген "QMDB Halal" сертификаты 13.08.2021-12.08.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат