|
Араб елінде жылына екі мәрте рақымшылық жарияланады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті, шейх Мұхаммед бен Зайыт әл Нақиан қасиетті Құрбан айт қарсаңында мыңға тарта жазасын өтеушіге, дәлірегі, түзету мекемелеріндегі 988 тұтқынға рақымшылық жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сөз орайы келгенде аталған араб елінде жазасын өтеп жатқандарға жылына екі мәрте рақымшылық жарияланатынын айта кету керек – қасиетті Рамазан айында және Құрбан айтта. Биылғы Рамазанда бұл елде 1025 тұтқынға рақымшылық жарияланып, бостандыққа шығарылған болатын. Рақымшылық ауыр қылмыс жасамағандарға ғана жарияланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді