|
Араб шөліне 50 млн ағаш отырғызылады
|
Саудия билігі қоршаған ортаны қорғау бойынша аса ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Ұлттық бақтар бағдарламасы аясында қолға алынатын жоба турасында сөз болып отыр. Аталған араб елінің шөлмен күрес және өсімдік желегін дамыту жөніндегі ұлттық орталық 5 жыл мерзімде мемлекет қорғауында болатын 100 ұлттық бақ ашып, 50 млн ағаш отырғызуды көздеп отыр. Осылайша «Сауд Арабиясының жасыл бастамасы» аясында климат өзгерісіне қарсы бағытталған кез келген талпынысқа қолдау білдіреді. Соның ішінде араб даласын жазираға айналдыратын жобалар да бар. Ұлттық бақтар негізінен тарихи маңызы жоғары әрі табиғи көрікті аумақтарда құрылуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда алғаш рет тауарларды халал жолмен бөліп төлеу қызметі іске қосылады
■
Қырғыздар хижабқа ұлттық киім мәртебесін беруі мүмкін
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды