Ауғанстандағы қаза тапқан балалар саны ресми деректен көп болуы мүмкін
Ауғанстандағы қаза тапқан балалар саны ресми деректен көп болуы мүмкін
1 жыл бұрын 883 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанда британдық қарулы күштердің қолынан қаза тапқан балалардың саны одан да көп болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған әлемге әйгілі ВВС-дің журналистік зерттеуі дәлел. Әскери балалардың қолынан қаза тапқандар саны төрт есе көп болуы мүмкін. Бұрынғы үкімет қаза болғандардың 16-сының отбасына өтемақы төленгенін мәлімдеген. Алайда, «Қарулы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» қорының сауалына үкімет 64 отбасына өтемақы төленгенін хабарлады. 2006 жылдан 2014 жылға дейін кәмелетке толмағандарды қоса алғанда бейбіт тұрғындардың өлімінің негізгі себебі тұрғын үйлерге әуе шабуылдары болды. Сондай-ақ, бейбіт тұрғындар британдық қарулы күштер бастаған айқас оқтың астында қалды. Жалпы Ұлыбритания қаза болғандардың туыстарының 881 арызын ғана қанағаттандырған. Талаптардың төрттен бірін ғана сот қанағаттандырған. Туыстарына ресми түрде төленген жалпы сома 790 133 долларды құрады. Дегенмен, әрбір талапты жеке қарастыратын болсақ, онда жалпы сома әлдеқайда көп болады. Мысалы, Гилменд провинциясында британдық жарылыс салдарынан 8 жақын туысынан айырылған отбасына бар-жоғы 8260 доллар төленген. Сонымен қатар, жалпы сотқа жүгіну және жақын адамымын өлтіргені үшін өтемақы талап ету құқығына ие болу үшін ауғандықтар олардың Тәліптер радикалды қозғалысына қатыспағанын растауды қажет ететін қатаң және қорлайтын процестен өтуге мәжбүр болған (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде және Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.). Ол ол ма, «Қарулы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» қоры кейде жақын адамын өлтіргеннен гөрі қираған мүлікке көбірек ақша төлейтін фактілерді анықтады. «Қақтығыс кезінде қаза тапқан әрбір бейбіт тұрғын – қайғылы оқиға. Ерекше трагедия – балалар мен жақын туыстарының қазасы», - деді қор директоры Ян Овертон үкіметке қарата сөйлеген сөзінде.

0 пікір
Мұрағат