Желтоқсанда Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады
Желтоқсанда Кувейттен Түркістанға жаңа рейс іске қосылады
1 жыл бұрын 1024

Кувейттік лоукостер Кувейт - Түркістан бағыты бойынша жаңа әуерейсін іске қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Jazeera Airways Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап Кувейт - Түркістан бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр", - дейді ААК өкілдері. 

Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

0 пікір
Мұрағат