|
Биыл қажылық маусымына қанша медицина қызметкері жұмылдырылады?
|
Биыл Сауд Арабиясында қажылық маусымына 30 мыңға тарта медицина қызметкері қажыларға қызмет етеді. Бұл жайында аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Аталған ведомстваның дерегіне қарағанда, Арафат тауының маңында, Мина жазығында және қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында қажыларды қабылдайтын 25 емхана жұмыс істейді. Бұған қоса, 150-ден аса мобилді емхананы іске қосу да көзделіп отыр. Науқас қажыларды емханаға дереу жеткізу үшін және оларға дер кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында 100 жедел жәрдем көлігі бөлінеді. Сондай-ақ, менингитке қарсы егуді қарастыратын бағдарлама қарастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды