|
Екпе алмаған мұсыллмандарға қасиетті қос мешітке кіруге рұқсат беріледі. Тек бір шартпен...
|
Жұпалы індетке қарсы екпе алмаған мұсылмандарға да қасиетті Меккедегі Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар (ﷺ) мешітіне кіруге әрі намаз оқуға рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, екпе алмаған мұсылмандар қасиетті мешіттерге тек бұрын короновируспен ауырмаса ғана кіре алады. Міне, дәл осындай шартпен, яғни, бұрын аталған жұқпалы індетпен ауырмаса, Eatmarna қолданбасы арқылы ұмраға да рұқсат ала алады. Саудия билігінің ресми тұлғалары ұмра қажылығының жаңа маусымында әлемнің әр түкпірінен шамамен 10 млн мұсылманның кіші қажылыққа келетінін болжап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды