|
Еуропада фаст-фудқа тыйым салынуы мүмкін
|
Нидерландының халық мол шоғырланған ірі қалаларында фастфудты тұтынуға тыйым салынуы мүмкін. Аталған ел осылайша семіздік індетімен күресіп көрмек. Бұл жайында islam.kz порталы nltimes.nl ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті хат денсаулық сақтау, әл-ауқат және спорт жөніндегі мемлекеттік хатшы Пол Блокхейске жөнелтілді. Үкімет тағам индустриясын қауіпсіз ету мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға» түзету енгізеді. Амстердам университетінің доценті Анник де Рюйтердің айтуынша, ас-ауқатты адам өз талғамы мен тәбетіне қарай дербес таңдайтындықтан ел билігі бұған араласа алмайды, өйткені, бұл адамның қалауына қол сұғумен бірдей әрекет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді