|
Еуропалық кеңесте исламофобиямен, антисемитизммен күрес жөніндегі арнайы қызмет ашылды
|
Еуропалық кеңесте исламофобиямен, антисемитизммен күресу мәселелерімен айналысатын бас хатшының арнайы өкілдігінің қызметі құрылды. ЕК баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл қызметті бас хатшының қазіргі ресми өкілі Даниэль Хольтген атқарады. ЕК бас хатшысы бұл қызметтің құрылуына бүгінгі таңда Еуропа аумағында мұсылмандар мен еврейлерге қарсы араздықты қоздыратын түрлі арандатушылық сипаттағы нәсілдік кемсітушілікпен астасқан әрекеттер түрткі болғанын айта келе мұндай жат құбылыстарға жол бермеу мақсатында еуропалық деңгейде күш-жігер біріктіру қажеттілігі мен маңыздылығына және көкейтестілігіне тоқталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады