|
Халал қонақ үй ашылады
|
Самарқан қаласында Sahid Imam Al-Buhari қонақ үйінің алғашқы іргетасы қаланды. Өзбекстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш мейманхана шариғат талаптарына сай жұмыс істейді. Яғни, әлемдік халал стандартына сай болмақ. Имам Бұқари атындағы аумақтағы құрылыс жұмыстарын Sahid Group және SAG компаниялары жүргізеді. Алғашқы кезеңінде мейманхананың 100 нөмірі пайдалануға беріледі. Кейін, яғни, бес жыл ішінде халал қонақ үй нөмірлерін 300-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Әр нөмірде құбыланы көрсететін арнайы белгі, жайнамаз, қасиетті Құран даналары, құман, т.б, қажетті заттар қойылады. Қонақ үй мейрамханасынан шариғатқа сай әзірленген ас мәзірі ұсынылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Индонезияның ислами қаржы саласындағы толағай табысы