|
Қартттарға құрмет көрсетпегендер қатаң жазаланады
|
Біріккен араб әмірлігінің билігі жасы алпысқа толғандар мен алпыстан асқан қарт адамдарды қорғауға арналған заң жобасын қабылдады. Ендігі жерде аталған заң талаптарына орай қарттар құқығының сақталуын қадағалайтын арнайы сарапшылар тобы құрылады. Қарттарға құрмет көрсетпегендерге айыппұл салынады немесе абақтыға жабылады. Сондай-ақ, қарттарға қараған туған-туыстарына жеңілдіктер мен қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұдан бөлек, қарттардың шағымын тіркейтін телефон желісі іске қосылады. Бүгінгі таңда аталған ел аумағында жасы алпыстан асқан 25 мыңға тарта қарт адам өмір сүріп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды