Халықаралық есеп айырысуда юанның үлесі азайып келеді
Халықаралық есеп айырысуда юанның үлесі азайып келеді
1 ай бұрын 802 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kim Kyung-Hoon / Reuters

2024 жылдың мамыр айының соңында юанның, әлемнің екінші экономикасы атанған Қытайдың төл ақшасының әлемдік банкаралық SWIFT жүйесі арқылы есеп айырысу құрылымындағы үлесі наурызда 4,69 пайыз болғанымен бір айда 4,47 пайызға дейін төмендеп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ұлттық валютасының халықаралық төлемдер құрылымындағы үлесі екінші ай қатарынан төмендеп келе жатқаны атап өтілді. Наурыз айынан бастап бұл көрсеткіш 0,22 пайыздық тармаққа төмендеді. Дегенмен, жылдық есеп бойынша юанның үлесі 1,8 есеге өскен. Көктемнің соңғы айында доллар өзінің жетекші орнын сақтап қалды. SWIFT арқылы есеп айырысу құрылымындағы америкалық валютаның үлесі транзакциялардың (мәмілелердің) 47,89 пайызын құрады. Сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда доллардың рөлі 0,58 пайыздық тармаққа өсті. Осы уақыт аралығында еуроның үлесі 0,3 пайыздық тармаққа өсіп, 22,85 пайыз деңгейіне жетті. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) басқарушы директорының бірінші орынбасары Гита Гопинат жаһандық дағдарыстың тереңдегеніне, геосаяси қатердің артқанына және бірқатар елдердің америкалық валютамен жұмыс істеуден бас тартуына қарамастан доллар әлемдік саудада үстемдігін сақтап қалған. SWIFT халықаралық төлем жүйесінің келтірген дерегіне сәйкес доллардың әлемдік сауда-саттықтағы үлесі шамамен 80 пайызды құрайды. Кейбір елдер канадалық немесе австралиялық доллар сияқты әдеттегіден тыс валюталарға жүгіну арқылы өз қорларын әртараптандырса да АҚШ долларының валюталық резервтердегі үлесі 60 пайызға жуық жоғары болып қалады.

Ұқсас материалдар:

"Әлемдік орталық банктер қорын көбейтуде доллардың үлесін арттырады" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-ortalyq-bankter-qoryn-kobeitude-dollardyn-ulesin-arttyrady-20353/#gsc.tab=0);

"Сауд Арабиясы доллар монополиясына қарсы алғашқы қадам жасады" (https://islam.kz/kk/news/alem/saud-arabiyasy-dollar-monopoliyasyna-qarsy-algashqy-qadam-jasady-20385/#gsc.tab=0)

"Иранда жаңа ақша түрімен есеп айырысуға рұқсат берілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/iranda-jana-aqsha-turimen-esep-aiyrysuga-ruqsat-berildi-20405/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат