Халықаралық сот қытай өндірген автокөлікті Еуропада сатуға тыйым салды - Land Rover Defender маркалы көлігіне ұқсас болғаны үшін
Халықаралық сот қытай өндірген автокөлікті Еуропада сатуға тыйым салды - Land Rover Defender маркалы көлігіне ұқсас болғаны үшін
13 сағат бұрын 237 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кескін: IslamNews

Гаага соты BYD компаниясына Land Rover Defender өніміне ұқсастығы үшін Еуроодақта Ti7 көлігін сатуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Africa News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай автоөндіруші компания халықаралық соттың бұл шешіммен келіспейтінін және апелляция беретінін мәлімдеді. Қараша айында Гаага соты бұл даулы іс бойынша алдын ала шешім шығарған, дәлірегі, сот шешіміне сәйкес BYD Ti7 ЕО-да тіркелген Land Rover Defender дизайнын қайталаған. Аталған тыйым Еуроодақтың барлық 27 елінің аумағында аталған автокөлікті импорттауға, өндіруге, сатуға және жеткізуге қатысты. Сот сараптамасы жол талғамайтын Ti7 мен Defender 110-дың шанақ пропорциялары, терезе сызығы, артқы есіктің артындағы панелдер және доңғалақ аркалары бірдей екенін көрсетті. Десе де бұл тыйымның күші Ұлыбританияда жүрмейді, өйткені, Нидерланды сотының британиялық BYD бөлімшесіне заңдық құзыреті жоқ. Ti7 жол талғамайтын автокөлігі 2027 жылдың қаңтарында Британияда 47 995 фунт стерлинг бағамен сатылуы керек, бұл шама Defender-дің салыстырмалы нұсқасынан шамамен 20 000 фунт арзан. JLR (Land Rover иесі) компанияның «өзінің зияткерлік меншігін қорғайтынын және қажет болған жағдайда заңдық шаралар қолданатынын» атап өтіп, шешімді құптады. Хабарламада айтылғандай, JLR Ұлыбританияда да осындай талап қоюды дайындап жатыр. Шешімнен кейін Гонконг биржасындағы BYD акциялары 4% -ға төмендеді, күн қорытындысы бойынша төмендеу 1,9%-ды құрады. Тыйым салу шарасы түпкілікті талқылауға дейін қолданылады: JLR алты ай ішінде негізгі талап қоюға тиіс, әйтпесе қамтамасыз ету шарасы жойылуы мүмкін

0 пікір
Мұрағат