ДНҚ молекулаларының қалай қосылатынына ғалымдар алғаш рет куә болды (видео)
ДНҚ молекулаларының қалай қосылатынына ғалымдар алғаш рет куә болды (видео)
12 сағат бұрын 224 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар алғаш рет ДНҚ-ның екі молекуласының бірдей теріс зарядтардың өзара итеретін күшін еңсере отырып түйісетін сәтті таспаға тартып алды. Осылайша табаны күректей 20 жыл бойы жұмбьақ болып келген тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nucleic Acids Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, аттас зарядтар бір-бірін итермеді, дегенмен, тірі жасушада ДНҚ молекулалары өмірлік маңызды процестерді қамтамасыз ету үшін жұптасуға мәжбүр. Мұндай жұптасу генетикалық рекомбинация, гендер белсенділігін басу, хромосомаларды орау үшін қажет, тіпті, обырдың дамуында рөл атқара алады. Бұл бағыттағы бақылау нәтижесі ДНҚ-ның қысқа фрагменттері зергерлік дәлдікпен бір-бірімен түйісетінін көрсетті. Егжей-тегжейлі компьютерлік симуляциялар бұл процеске никел, магний және кальций катиондарының қатысатынынын айқындады: олар спирал ойықтарына енеді және оларды өзара бекітеді, кішкентай молекулалық көпірлер ретінде жұмыс істейді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Томас Кэтли есімді Шеффилд университетінің биофизигі болашақта бұл жаңалықтың, яғни, бағдарламанатын өзара әс-әрекеттің инженерлерге биотехнологияның келешегі үшін ДНҚ-ның жасанды құрылымын жасауға, соның ішінде ДНҚ-оригами саласында түрлі жетістікке жетуіне көмектесуі мүмкін екенін мәлімдеді Бұдан бөлек, ДНҚ-ның жасуша ішінде қалай бүктелетініне немесе қапталатынына ишаратты түсінуге мүмкіндік беруі ықтимал. Бір қызығы, молекулалар бір-бірімен байланысуы үшін молекулалардың қосылатын аймағының мейлінше бір-біріне дәл келуі міндетті емес болып шықты. Бейнелеп айтқанда, оюына қиюы дәл келуі шарт емес - бірінің дәйектiлiгі екiншiсiне қарағанда әлдеқайда берiк байланыстар құрады, онда екi спирал бiр-бiрiне қарап ерекше «ыстық нүктелер» қалыптастырады. "Бұл жаңалық зерттеушілерге ДНҚ-ны қосуға белсенді қатысатын геномның бөліктерін анықтауға көмектеседі. Мұндай учаскелер мутациялар қалыпты жасушалық процестерді бұзып, обырдың дамуына ықпал еткен кезде ерекше маңызға ие болуы мүмкін", - деп атап өтті зерттеуге жетекшілік еткен Йорк университетінің профессоры Агнес Ной.

Теория расталды

Бұл тараптағы зерттеу нәтижелері Лондонның империялық колледжінің профессоры Алексей Корнышев жиырма жылдан астам уақыт бойы айтып келген «ДНҚ-найзағай» теориясын растайды. Бұл моделге сәйкес айналадағы тұз иондары кезектескен зарядтау үлгілерін жасайды, ал бұл жайт ДНҚ молекулаларының біріктірілген бұрандалы баспалдақтар сияқты сапқа тұруына мүмкіндік береді.

Атомдық-күштік микроскопия жекелеген атомдар мен иондар қозғалысының компьютерлік симуляциясымен қатар металдардың екі зарядты иондары екі жақты «қол» ретінде әрекет етіп, молекулааралық аралықтың екі жағында да ДНҚ жіптерін бірден ұстап тұрғанын көрсетті.

"Микроскопия бізге не болып жатқанын көрсетеді, ал дәл осы моделдеу молекулалық деңгейде оның қалай болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл механизм ДНҚ реттегіш тетіктерінің арсеналында тағы бір құрал болуы мүмкін: кейбір ДНҚ тізбектері ақуыздарды кодтамауы мүмкін; бұл ретте ДНҚ молекулалары бір-бірімен өзара әрекеттесетін, геномға хромосомдар сияқты жоғары тәртіптегі құрылымдарды қалыптастыруға көмектесетін әсерін тигізеді", - деп қорытындылады компьютерлік моделдеуді және талдауды басқарған Шеффилд университетінің биофизигі Виктор Веласко-Беррелеса

 

0 пікір
Мұрағат