|
Харам мешітіне тексеріп кіргізетін болды
|
Мекке шаһарында жуырда орын алған оғаш оқиғаға байланысты қасиетті екі мешіт қамқорлық кеңесі шұғыл шараларға көшеді. Естеріңізде болса, осыдан екі күн бұрын қасиетті Қағба жанында өз-өзін өртемек болған адамның келеңсіздігі туралы хабарлаған болатынбыз. Алдағы уақытта мұндай сорақылық қайталанбасы үшін бұдан былай Харам мешітінің кіреберісіне тексеру құрылғысы қойылады. Тексеру құрылғысы арқылы аталған мешіт аумағында тыйым салынған заттарды анықтайды. Бұл мәселе қасиетті екі мешіт кеңесінің президиумында қарастырылды. Харам мешітінің кіреберісінде күзетшілер тұрғанына қарамастан өз-өзін өртемек болған адамның жанар-жағармайды мешіт аумағына қалай алып кіргені белгісіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Робот та қайыр тілеуге көшті (видео)
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ