|
Христиан депутат парламенттегі әріптестерін ораза ұстауға шақырды (видео)
|
Канада парламентінің депутаты Марк Холланд, міне, бірнеше жыл болды, жыл сайын қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп жүргелі. Оның айтуынша, ол мұндай қадамға елдегі дінаралық татулықты өзі бастап, өзгелерге үлгі көрсеткісі келген. 2015 жылдан бері ораза ұстайтын депутат астан тиылып, одан үнемдеген қаржыны қайырымдылық қорына аударып келеді. Ол өзі ұстап қана қоймай, әріптестерін биыл ауыз бекітуге шақырып, парламент қабырғасында мәлімдеме жасады. Оның бұл үндеуін кей әріптестері парламент мінберінде айтылмайтын нәрсе деп сынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
■
Cаудия қыспақта қалды: тақ мұрагері жаңа одақтас іздеуге көшті