|
Имамдарға темекі шегуге тыйым салынды
|
Түркияда мешіт имамдарының темекі шегуіне тыйым салынады деп мәлімдеді Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Әлі Ербаш. Бұл туралы түрік ақпарат көздеріне сілтеме жасап Trend хабарлады.
Басқарма төрағасының айтуынша, темекі шегу харам және дін өкілдері темекі өнімдерін қолданбауы тиіс.
«Темекі шегетін адамдар мешіт имамы бола алмайды», – деп атап өтті Әлі Ербаш.
Әлі Ербаш 17-қаңтар күні Түркияның Дін істері басқармасы атынан елдегі барлық имамдарға темекі өнімін қолданатын дін қызметкері қажылық кезінде топ жетекшісі бола алмайтыны туралы ескертпе жіберілгенін хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін