Иран - әлемдегі ең ірі құрма өндіруші және экспорттаушы үш елдің бірі
Иран - әлемдегі ең ірі құрма өндіруші және экспорттаушы үш елдің бірі
1 жыл бұрын 2092 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, Иран жылына 1 миллион 400 мың тонна құрма өндіру арқылы бұл тараптағы алғашқы елдердің үштігіне кіреді. Бұл жайында islam.kz порталы IRIB News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Соңғы (парсылардың жыл қайыруы бойынша 2021-22 наурыз айлары аралығында) Ираннан 340 000 тонна құрма экспортталды», - деді Шиғалар елінің ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Захра Жәлел Мұқаддам Иранның негізгі құрма өндіретін аймағы - оңтүстіктегі Фарс провинциясына таяуда жасаған сапары кезінде. Мысыр мен Сауд Арабиясы жаһандық құрма нарығында Иранның басты бәсекелестері болып табылады. Захра Жәлел Мұқаддам ирандық құрма экспортының ең үлкен үлесі Үндістан еншісінде екенін атап өтіп, келесі орынға Пәкістан жайғасқанын жеткізді. Иранның ұлттық құрма қауымдастығының жетекшісі Мұқсен Рашид Парық Financial Tribune басылымына берген сұхбатында: «Иран әлемдегі ең ірі құрма экспорттаушы болып табылады», - деп мәлімдеді. Мысыр Сауд Арабиясы мен Тунис құрма экспорты бойынша үшінші орында тұр. «Иранның оңтүстіктегі екі көршілері, атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен БАӘ палма алқаптарын кеңейтіп жатыр. Бұл жайт аталған елдерді Иранның халықаралық құрма нарығында елеулі бәсекелестерге айналдыруы мүмкін. Қазір біздің өндірісіміз олардан жылына 50-100 мың тоннаға ғана асып түседі. Сол себепті, маркетинг әдістерін жетілдіру және ирандық құрмаларды нарықта кеңінен насихаттау үшін осы салада ирандық өндірушілер мен саудагерлер тарапынан белсенді әрекет қажет», - деді Мұқсен Рашид Парық. Ауғанстан да бұл салада өз бағын сынап көрмек, дәлірегі, көкнәр дақылдарының бір бөлігін құрма алқаптарымен алмастыруды жоспарлап отыр, десе де аталған елдің географиялық орналасуы ерекшелігіне байланысты палма өсіріруге қолайлы жер аз, сондықтан да ауған талпынысының иран құрамасына қауіп төндірмейді. Иран кооперациялар палатасының ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі комиссиясы жетекшісінің айтуынша, 2020-21 жылында Ираннан 85 елге жалпы сомасы 296 миллион доллар болатын 388 мың 405 тонна құрма экспортталған. «Иран құрмасы экспортының негізгі бағыттары - Үндістан, Малайзия және Ресей; осы кезеңде Иранның жалпы құрма экспорты Үндістанда -16%, Малайзияда - 11% және Ресейде - 9,9% құрады. Басқа бағыттар - Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Германия, Нидерланды, Швеция, Польша және Ұлыбритания», - деп келтірген екен IRNA агенттігі Арсылан Қасым есімді сарапшының дерегін. Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының бұрынғы өкілі Рухолла Ләтіптің келтірген мәліметінше, 2019-20 жылдары Ираннан 38 152 тонна құрма 85 елге экспортталған, нақты ақшаға шаққанда бұл көрсеткіш - 211 миллион 640 мың доллар. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметіне үңілсек, әлем бойынша пальма алқаптарында 8,5 миллион тонна құрма өндіріледі. Құрманың оннан астам түрі негізінен Иранның алты провинциясында, атап айтқанда, елдің оңтүстігіндегі Керман, Систан-Белужистан, Хузестан, Хормозган, Бушер және Фарс провинцияларында өсіріледі. Иран жыл сайын жалпы өнімінің 20 пайызын экспорттайды. Иранда құрманы жан басына шаққандағы тұтыну жылына 3 келіні құрайды.

Ұқсас материал:

«Иран құрмасы» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/iran-qurmasy-15330/#gsc.tab=0);

«Құрма өндіруден көш бастаған Иранды нарықтан Саудия мен БАӘ ығыстырмақ» (https://islam.kz/kk/news/alem/qurma-ondiruden-kosh-bastagan-irandy-naryqtan-saudiya-men-baa-ygystyrmaq-13693/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат