Израилде шағын камикадзе дроны жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Израилде шағын камикадзе дроны жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
1 жыл бұрын 1418 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дрон сағатына 72 шақырым жылдамдықпен қозғалады және жарылғыш зарядты тасымалдауға қабілетті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.kz порталы Haaretz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израильдік Elbit Systems компаниясы өзінің жаңа өнімі – тактикалық барлау және көзделген нысандарды жою үшін пайдалануға болатын шағын Lanius ұшқышсыз ұшағын жұртшылық назарына ұсынды. Шағын ұшқышсыз ұшатын аппаратты жау көрінбейтін тығыз ғимараттарда жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін пайдалануға болады. Әскерилер өздерімен бірге ұшқышсыз ұшқышты алып жүре алады, тар қуыстан немесе терезеден енетін дронды нысананың дәл үстінен жарып жібере алады. Компьютерлік жүйелердің көмегімен миниатюралық UAV (шағын дрон) адамдарды автоматты түрде анықтайды және қарулы лаңкестерді бейбіт тұрғындардан ажырата алады. Десе де компания өкілдері кез келген техниканың сәтсіздікке ұшырап, ауыр зардаптарға әкелетінін ескертеді. Осы қауіпті ескерген Elbit өкілдері түптің түбінде оқты сарбаздың өзі ататынын алға тартып отыр. Lanius мини-дроны сағатына 73 шақырым жылдамдықпен қозғалады және жарылғыш зарядты немесе басқа да қаруды алып жүре алады. Оның жауынгерлік құралдағы салмағы 1,25 келі, ал дрон салмағы 150 граммға дейінгі зарядты көтере алады. Құрастырушылар жаңа камикадзе дрон Harpy және ирандық Shaheda-136 сияқты оқ-дәрілерге жататынын атап өтті, алайда, олардан айырмашылығы - ұзақ қашықтықұа ұша алмайды, өйткені, оның батарея қуаты әуеде 7 минуттан артық болуына мүмкінік бермейді. Дегенмен, қажет болған жағдайда, дронды тасымалдаушы рөлін атқаратын және осылайша оны тапсырма орнына жеткізетін, содан кейін оны қажетті уақытта іске қосатын үлкенірек мультикоптерге орнатуға болады.

0 пікір
Мұрағат