Иранның әуе қорғанысы тағы бір әскери дронға ие болды (видео)
Иранның әуе қорғанысы тағы бір әскери дронға ие болды (видео)
5 ай бұрын 873 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Iranian Army / WANA / Reuters

Иранның әуе қорғаныс жүйесі зымыранды қағып түсіретін «әуе-әуе» тобына жататын Karrar жаңа ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Majid зымыранмен жабдықталған дрон парсылардың қарулы күштеріне табыс етілді. Бір артықшылығы – жойғыш ұшаққа қарағанда әуедегі жау нысанын мейлінше аз шығынмен қағып түсіре алады. Majid зымыраны зымыраны жылу және оптикалық бағыттаушы тетіктерді пайдаланып, нысаналарды қадағалауға және ұстауға мүмкіндік береді. Сөз орайы келгенде таяуда парсылардың әскери әлеуеті Mohajer-10 ұшқышсыз ұшу аппаратымен толыққанын айта кетпекпіз. Alarabiya News ақпарат көзінің хабарынша, аталмыш дронның әрекет ету радиусы 2000 шақырым қашықтықты амтиды, ал ұшу ұзақтығы тәулігіне жеті шақырымды құраған. Mohajer-10 300 келіге дейін жүк алып жүре алады. 

0 пікір
Мұрағат