|
Иранның нанотехнологиялық өнімдерін 58 ел импорттайды
|
Иранның нанотехнологиялық компаниялары өз өнімдерін, құрал-жаабдықтарын және қызметін әлемнің 58 еліне экспорттайды. Бұл жайында islam.kz порталы ISNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран күнтізбесі (2021 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың наурызына дейін) ирандық нанотехнологиялық өнімдер мен қызметтер экспорты 53 пайызға артқан. Иранның нанотехнологиялыө өнімдері мен қызметі негізінен үш елге молынан экспортталады – Ирак (21,5 млн доллар), Түркия (12,4 млн доллар) және Либан (9,3 млн доллар). Иран күнтізбесі бойынша 1400 жылдың соңында (2022 жылдың наурыз айы) нанотехнология саласында 280 ирандық компания өз өнімдерін экспортқа шығарып, жалпы сомасы 203 трлн риал (407 млн доллар шамасында) пайда тапқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады