|
Иранның қанатты зымыранмен жабдықталған жаңа суасты кемесі (видео)
|
Таяуда Иранда қанатты зымыранмен жабдықталған жаңа суасты кемесі жұртшылықтың назарына ұысынылды. Оны таныстыру салтанатты шарасына аталмыш ел президенті Хасан Руханидің өзі қатысты. Бұл шара өз кезегінде ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ-пен және аймақтағы бәсекелесі Израилмен арадағы қырғи-қабақ жағдайда өтуінің маңызы зор болды. Осылайша, Fateh Conqueror жаңа суасты кемесі Иранның қарулы күштерінің қорғану қабілетін нығайтты. Аталмыш суасты кемесінің салмағы 600 тоннаны құрайды. Оның бортында осы заманғы қару түрлері, соның ішінде, әскери теңіз минасы, қанатты зымыран, т.б. бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек