Иранның тағы 17 қаласында қоғамдық орындарда итті серуендетуге тыйым салынды
Иранның тағы 17 қаласында қоғамдық орындарда итті серуендетуге тыйым салынды
8 күн бұрын 721 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: nypost

Иран билігі көшеде, саябақта, т.б. қоғамдық орындарда итті серуендетуге тыйым салды. Тұрғындардың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда 2019 жылы ел астанасында – Теһран қаласында осындай тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Енді мұндай тыйымды ел аумағындағы 17 ірі қалаға енегізіп отыр. Мұндай қалалардың арасында Илам, Исфаһан, Керман, т.б. бар. Итті тек дүние-мүлкін күзету үшін асырайтын адамдар уақыт өте келе үйінде де ұстайтын әдет тапқан еді. Иранда да итті үйде ұстауға тыйым салынбаған. Дегенмен, бұл елде мұндай жат әдет кеңінен тарамаған еді, өйткені, иттің сілекейін нәжіс санайтын тұрғындар арасында бірен-сараны ғана ұстайды. Бұдан бөлек, итті үйде ұстау әдеті батыстың әсерінен пайда болған, деп санайды. Теһран қаласында итті қоғамдық орындарда серуендетуге тыйым салынса да бұл ережені елей бермейтін. Билік енді нақты шаралар қабылдап, жауапкершілікке тартатынын ескертуде.

0 пікір
Мұрағат