|
Израил басқыншылығы мен бассыздығына қарсы бас көтерген палестиналықтардан кеше қанша адам қырылды (фото+видео)
|
Кеше, яғни, наурыздың 30-ы күні Газа секторы шекарасында болған қақтығыс нәтижесінде 14 палестиналық опат болып, 1,3 мың адам жарақат алды. Түрлі деңгейде. Наурыз айының 30-ы күні палестиналықтар Жер күнін өткізуді әдетке айналдырған. 1976 жылдың наурыз айының 30-ы күні израилдіктер палестиналықтарға тиесілі жүздеген гектар жерді тартып алғанына байланысты. Жылда бұл күні израилдіктер мен палестиналықтар қақтығысып, әдетте өзінен күші басым изриалдік күштік құрылымдардан зардап шегеді. Кеше де мыңдаған палестиналық жерін даулап, наразылық шеруіне шыққан еді. Шеруді тарату үшін израилдік арнайы жасақ пен полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, пластикалық оқтың астына алды.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды