|
Израилдің әскери қылмысына қатысты қарар қабылданды
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі кеңесі Израилдің өткен жылғы Газа секторындағы әскери қылмысы туралы қарар қабылдады. Аталмыш құжатта айтылғандай, Израил адам құқығының бұзылуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, осы әскери жорық кезінде зардап шеккендерге өтемақы беруін міндеттеді. Қарарды қабылдауға қатысты дауыс беру рәсіміне БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүше 41 ел өкілдері қатысты. Солардың ішінде Франция, Германия және Ұлыбритания бар. Тек АҚШ қана қарсы дауыс беріп, қалған бесеуі қалыс қалды. Айта кетейік, 2014 жылы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі Израилдің Газа секторындағы әскери қылмысын тексеретін тәуелсіз комиссия жасақтаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады