Жалақы криптовалютамен берілетін болды
Жалақы криптовалютамен берілетін болды
5 жыл бұрын 1626 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландия билігі компания басшыларына қоластындағы жұмысшыларына жалақыны криптовалюта түрінде беруге рұқсат берді. Бұл жайында Financial Times қаржылық ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бұл мәселеге қатысты тиісті қаулыны аталмыш елдің салық басқармасы қабылдаған. Десе де жалақыны электронды ақша түрінде берудің өз шарттары мен талаптары сақталуы тиіс. Атап айтқанда, жалақы ұдайы тіркелген сомада төленуі керек. Бұдан бөлек, цифрлы валюта конверттелуі қажет. Сондай-ақ, заңды төлем құралы болып табылатын қандай да бір валютамен бекітілуі тиіс. Бір айта кететіні, компанияларға салынатын жеке табыс салығы өзгермейді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам өз кезегінде криптовалюта бағамының жиі әрі қатты ауытқуынан қатерлі болып саналады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жалақыны криптовалютамен төлеу қолға алынған алғашқы ел Жаңа Зеландия емес, Жапонияда да электронды ақша заңды төлем ққралы ретінде пайдаланылады. 

0 пікір
Мұрағат