|
Қажылық тарихында тұңғыш рет: түрмеде жазасын өтеп жатқандар қажылық парызын өтеді
|
Қажылық тарихында тұңғыш рет темір тордың аржағында жазасын өтеп жатқан тұтқындар қажылық парызын өтеді. Бұл арада саудиялық жазасын өтеушілердің қажылығы туралы болып отыр. Бұл жайында "Ар-Руйя" жаңалықтар тарататын ақпарат көзі аталған елдің пенитенциарлық мекемесінің бас басқармасына сілтеме жасай отырып, мәлім етті. Түрлі айып бойынша абақтыға белгілі бір мерзімге жабылған тұтқындар икрам киіп, өзге қажылармен тиісті діни жөн-жоралғыларын атқарды. Осы арада мынаны айта кету керек, олардың жанында түрме күзетшісі немесе полиция болған жоқ. Тек туған-туыстары болды. Саудия билігі мұндай қадамға тұтқындардың күнделікті өмірге етене араласуына жағдай жасау үшін барып отыр. Қажылық парызын өтеп болған соң тұтқындар түрмеге оралды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті