|
Кореяда мұсылман сарбаздарына шариғи мәзір ұсынылады
|
Оңтүстік Корея республикасының қорғаныс министрлігі бұдан былай елдің қарулы күштер сапында жүрген мұсылман сарбаздарының және жануардың еті мен сүт өнімдерін тұтынбайтын вегетариандардың ас мәзірінің ерекшелігін ескеретін болады. Бұл жайында islam.kz порталы корейлердің YonHap News жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, мұсылман сарбаздарға шариғи талаптарға сәйкес дайындалған тағамдар ұсынылады. Ол үшін әскерге шақырылғандар медициналық тексеруден өткен кезде өзінің наным-сенімі туралы немесе вегетариан екенін алдын ала ескертіп қоюы тиіс. Содан соң бұл ақпарат ол қызмет ететін әскери бөлімшеге жөнелтіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді