|
Моңғолияда 4.1 млн жылқы бар
|
Желтоқсанның 7-сі күні Моңғолия бойынша мал санағы басталды, ол 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Ұлттық статистика комитеті жүргізіп жатқан бұл жұмыс мал шаруашылығы саласының жұмысын объективті бағалау үшін, сондай-ақ макродеңгейде нақты есептеулер жүргізу үшін аса қажет.
2020 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша 67,1 млн мал басы есептелді, оның ішінде 4,1 млн жылқы, 4,7 млн бас ірі қара, 472,9 мың түйе, 30 млн қой және 27,7 млн ешкі.
Мал санағының алдын ала қорытындысы бойынша жалпы мал басы 2019 жылмен салыстырғанда 3,9 млн басқа (5,5%) кемісе, түйе басы керісінше 521 басқа (0,1%) өскен. Моңғолияда мал санағы 1961 жылдан бері жыл сайын жүргізіліп келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ