Мұсылман елінде жануарлардың құқығын қорғауға, денсаулығын сақтауға арналған сайт ашылды
Мұсылман елінде жануарлардың құқығын қорғауға, денсаулығын сақтауға арналған сайт ашылды
5 жыл бұрын 2915 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің климат өзгерісінің алдын алу мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі жануарлардың құқығын қорғауға, денсаулығын сақтауға, сондай-ақ, тағам қауіпсіздігіне арналған сайт ашты. Аталмыш жаңа жүйе ел тұрғындарына асырауындағы жануардың инфекциялық ауруы туралы хабарлауға, жануарларға жәбір көрсеткендер туралы ақпарат беруге, жыртқыш әрі улы, яғни, қауіпті жануарларды заңсыз жолмен иемденушілермен күресуге, сапасыз ветеринарлық қызмет туралы дабыл қағуға мүмкіндік бермек. Ал аталмыш сайттың тағам қауіпсіздігі жөніндегі бөлімінде, мәселен, қандай тауарлардың тұтыну немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі турасында хабарлай аласыз. Бұл ақпараттар сайтта жарияланған соң осы мәліметтер негізінде инспекторлар тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қолданады. 

0 пікір
Мұрағат