Мысыр халқы шапшаң көбейіп келеді
Мысыр халқы шапшаң көбейіп келеді
8 жыл бұрын 5307

Енді бір он төрт жылдан кейін, яғни, 2030 жылдары мысырлықтар қарасы 140 млн адамнан асуы мүмкін. Бұл жайында халық мәселелерімен шұғылданатын ұлттық кеңестің сарапшысы Тарық Тауфик мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, соңғы бірнеше жылдың ішінде елдегі туу коэффициенті 30%--ға өскен. Бұған қоса, сарапшының айтуынша, «мысырлық ерлі-зайыптылар отбасын жоспралау әдісін пайдаланудан көптеп бас тартып жатыр». Қазіргі уақытта бұл елде халықтың саны 90 млн-ға жете-қабыл. 1984 жылдан бері халықтың саны екі есе өскен, ал 1996 жылдан бері санағанда үш есеге артқан. Десе де әрбір үшінші мысырлық тақыр кедей.  

0 пікір
Мұрағат