|
Орта Азия елінде уағызшылар қызметі шектелді
|
Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров дін тарату қызметіне бірқатар шектеу қоятын дінге қатысты заңнамаға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Vb.kg ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес үй-үйді аралап, уағыз айтуға тыйым салынады. Қырғыз билігі мұндай қадамға тұрғындардың күмәнді топтардың жетегінде кетпеуі үшін барып отыр. Бұдан бөлек, уағызшылардың дені дінді таратуды желеу етіп, өз отбасын ас-сусыз қалдырып, ұзақ уақытқа кететіндігі айтылған хабарда. Дәлірегі, үш күннен бастап, 40 күнге дейін, тіпті, 4 айға дейін кететіндерге заңмен шектеу қоюға тура келгендігі айтылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Клиникалық өлімнің құпиясы ашылды ма
■
Пәкістан әйелдерді ерлерсіз қасиетті сапарға аттандырудың жолын ойластырды
■
Жаңа дәрі түрлерін ойлап табуда Азия бойынша алда келе жатқан ел белгілі болды
■
Қан қысымының жоғарылуына қарсы екпе жасалды
■
Жаһандық халал нарығының өсу қарқыны ең жоғары сегменті 2035 жылы қандай белесті бағындырады