Пәкістан билігі Үндістан сотының Кашмир мәртебесіне қатысты шешімін теріске шығарды
Пәкістан билігі Үндістан сотының Кашмир мәртебесіне қатысты шешімін теріске шығарды
5 ай бұрын 739 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі Үндістанның жоғары сотының мұсылмандар шоғырланған Жамма мен Кашмир аймақтарын айрықша мәртебеден айыру туралы шешімін мойындаудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The News International ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша сот Үндістан парламентінің осыдан төрт жыл бұрынғы Кашмирдің ерекше мәртебесінен айырмауға кепілдік берген ел конституциясының 370-бабының күшін жойған шешімін сол күйі қалдырды. Пәкістан сыртқы істер министрі Жәлел Аббас Жилан Үндістан сотының аталмыш шешімінің заңды күшке ие еместігін алға тарта келе үнді билігінің Кашмир мен Пәкістан халқының мүдделерін елемей, даулы аумақтың мәртебесі туралы біржақты шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін баса айтты. Осылай деген ол Кашмир мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес қабылдануы тиіс екенін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат