Палестиналық сәбидің жантүршігерлік қазасы (фото)
Палестиналық сәбидің жантүршігерлік қазасы (фото)
9 жыл бұрын 4763 e-islam.kz

Батыс жағалауда он үш жасар палестиналық Абдуррахман Шади Абдулланы Израиль снайпері мақсатты түрде жүректен көздеп атқан. Осындай дерек Палестина денсаулық сақтау министрлігінен хабарланды.

Медицина мамандарының сараптамасынан соң ресми Израильдің «балаға байқаусызда оқ тиді» деген мәлімдемесі қисынсыз болып отыр.

Қайғылы уақиға 5 қазан күні ВифлеемедегіАида босқындар лагерінде орын алды. Израиль әскері атып құлатқан бала өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. «Бейт Джала» ауруханасының директоры Саид Сараханның айтуынша, Израиль снайпері атқан оқ Абдуррахманның дәл жүрегіне тиген. Дәрігерлер жедел операция жасағанымен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Абдуррахманның ата-анасы балаларын мұғалімдер әркез өзге қатарластарына үлгі етіп, мақтан тұтқанын айтады. Сондай-ақ, бірге оқыған достары да оны қатты жақсы көрген екен.

Бақылаушы мамандар баланың өлімі Израиль тарапынан кек қайтару мақсатында арнайы жасалған акт деп қабылдауда. Вифлеемның солтүстік қақпасы Біләл бин Раба мешіті маңында болған жарылыста Израиль әскерилерінің бірі жарақат алған болатын. Израиль осыған кек қайтарып отыр дейді бақылаушылар. Ұлттық және ислам күштері баланың өліміне Израиль билігі кінәлі деп айыптауда.

0 пікір
Мұрағат