|
Пұтханадағы кісі өлімімен аяқталған ойран (видео)
|
Үндістанның Тамилнад штатына қарасты пұтханалардың бірінде кісі өлімімен аяқталған оқыс жағдай орын алды. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Пұтқа табыну барысында піл аяқ астынан ашуға ерік беріп, алып хайуан 48 жастағы қожайынын жерге құлатып, таптап өлтірді. Пілді 40 минуттан соң ғана сабасына түсіре алған. Бұл кезде пұтханада шамамен 300 адам болған, олардың бәрі шұғыл шығарылды. Піл қожайынының жансыз денесі сот-тергеу экспертизасы үшін мәйітханаға жөнелтілді. Ал қайғылы жағдай орын алған пұтхана уақытша жабылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды