|
Қасиетті мекендерге тілсіз дүлей төніп келеді (видео)
|
Саудияның астанасы – Ер-Рияд қаласы мен аталған елдің біраз аумағы құмды дауыл астында қалды. Бұл жайында islam.kz порталы france24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құмды дауыл өз кезегінде адамдардың төңіректі ажырату қабілетін шектеп, жол-көлік қозғалысын баяулатты. Бұдан бөлек, ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салынды. Тұрғындар есік-терезесін тұмшалап, үйден шыға алмай қалды. Саудияның метеорологиялық орталығының дерегінше, құмды дауыл Мекке мен Мәдина қасиетті қалаларға да жетеді. Саудияның кей аймақтарында әдетте жыл сайын наурыз-мамыр айларында қарқындылығы түрлі құмды дауыл соғып тұрады. Алайда, соңғы жылдары құмды дауыл жиі көтерілетін болып жүр. Жаһандық жылынудың әсерінен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді