Қоғамнан қол үзгендер қарасы антирекорд орнатты
Қоғамнан қол үзгендер қарасы антирекорд орнатты
2 жыл бұрын 1659 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Мұқаба суретінде Сукуба университетінің профессоры, психиатр дәрігер Сайто Тамаки

1990-шы жылдары жапон қоғамында пайда болған әлеуметтік оқшаулану дертіне шалдыққандар, яғни, қоғамнан қол үзгендер қарасы жылдан жылға артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл терминнің мағынасына аз-кем тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз: әдетте хикикомори - бұл ұзақ уақыт бойы (күншығыс елінің әл-ауқат және еңбек министрлігі белгілегендей, кемінде алты ай) қоғамнан оқшауланған, яғни, басқа адамдармен байланысқа түспеген, өз бетінше өмір сүрмейтін және өзін қамтамасыз ете алмайтын адам. Әл-ауқат және еңбек министрлігінің ауқымды зерттеу материалдарына сәйкес хикикоморидің келесі түрлерін ажыратуға болады: үштен бірі психикалық аурулардан (шизофрения, күйзеліс және т.б.), үштен бірі дамуының кенжелеп қалуынан, ал қалған үштен бірі жеке тұлғаларға тән кемшіліктерден (хикикомори мінезінің, іс-әрекетінің, ойлауының ауытқуына байланысты ол және оның айналасындағы адамдар зардап шегетін жағдай бар) зардап шегеді. Бұл жат құбылысқа бой алдырудың себетері әр түрлі болып келеді: мектеп немесе жоғарғы оқу орнының, қабырғасындағы, жұмыстағы қорлық пен зорлық, отбасындағы қатыгездік пен немқұрайдылық, жауапсыз махаббат, т.б. Таяуда ел астанасы – Токио қаласында бұл тарапта арнайы сауалнама жүргізілді: қала тұрғындарының әрбір 76-сы қоғамнан оқшауланған. Олардың дені 30-60 жас аралығындағы азаматтар. Яғни, күш-қуаты тасыған шағында өз-өзін жіпсіз матап тастаған. Олардың көбісінің оқшауланып өмір сүргеніне 10 жылдан асып кеткен. Бұл бағыттағы сауалнама2021 жылдың шілде айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін жүргзілген. Сауалнама жалақысынан салық ұсталмайтын немесе ұзақ мерзімді күтім секілді әкімшілік көмек алмайтын 180 мың үй шаруашылығын (түтінді) қамтыған. Десе де ел билігінің бұл дерегімен келіспейтін адамдар бар. Солардың бірі Сукуба университетінің профессоры, психиатр дәрігер Сайто Тамаки елдегі хикикоморилер саны тым төмендетіліп көрсетілген, деп есептейді. Ғалымның келтірген мәліметіне қарағанда, хикикоморилер қарасы бүгінгі таңда кем дегенде екі миллионнан асады, яғни, ел тұрғындарының 2-3 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш 13 жыл ішінде 10 млн-нан асатынын алға тартып отыр. Үйсіз-күйсіз қаңғыбасқа қарағанда, хикикоморилер отбасының қолдауына ие. Деегенмен, олардың ата-анасы немесе жақын туысы өмірден озған соң табыс көзі жоғалып, қаңғырып қалады. Кей жағдайларда ата-анасы мұра қалдырады. Алайда, хикикомори қоғамнан оқауланғандықтан алдау-арбауға тез тұтылып, барынан айырылып қалады немесе кеңесетін ешкімі болмағандықтан әрі әлеуметтік нормалардан хабары болмағандықтан өзіне қалдырылған мұраға ие бола алмай қалады.

Ұқсас материалдар:

«Социофобия да биомаркері бар нақты аурудың бір түрі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sotsiofobiya-da-biomarkeri-bar-naqty-aurudyn-bir-turi-bolyp-shyqty-16929/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат